
Фото: Ашық дереккөз
Аталған қаражат өңірдегі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жүзеге асырылатын 48 инфрақұрылымдық жобаға бағытталады. Олардың қатарында Соколов, Булаев және Преснов топтық су құбырларын реконструкциялау, сондай-ақ Айыртау мен Шал ақын аудандарындағы елді мекендерді Көкшетау топтық су құбырына қосу үшін жаңа су тарту желілерін салу жобалары бар.
Жобалар толық аяқталғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады деп жоспарланған.
Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздегі ең ұзын топтық су құбырлары дәл осы өңірде орналасқан. Жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын су жүйелері арқылы 175 мыңнан астам тұрғынды біріктіретін 229 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп жатыр. Облыс орталығы Петропавл қаласының тұрғындары 100 пайыз, ал ауылдық елді мекендердегі халықтың 97,5 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізген.
Бұл бастама — Мемлекет басшысының әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты тапсырмаларының нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын көрсететін маңызды қадам.