Спорт • 07 Шілде, 2025

Әлихан Әскербай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Әскербай ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Отандасымыз үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.

Айта кетсек, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.

Ал 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) сынға түскен Снежана Кашкарова жұлқа көтеруде 69 келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше