Аймақтар • Бүгін, 14:49

СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған жобаларға 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Өңір әкімінің мәліметінше, жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

СҚО-да бұған дейін жалпы көлемі 84,1 млрд теңге инвестиция салынған 23 сүт-тауар фермасы тұрғызылып, оларға 2 жыл ішінде  5 мыңнан астам ірі қара мал жеткізілген.

Бүгінде аймақта ет көлемі 13,8 пайызға, сүт мөлшері 3,2 пайызға, жұмыртқа саны 6,1 пайызға артып отыр.