
Фото: info.homsters.kz
Бюро есебіне сай жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 647 728 теңгені құрайтын Алматы пәтерлері елдегі ең қымбат баспана бағасы болып отыр.
Одан кейінгі сатыда Астанадағы пәтер бағасы екені анықталды. Елордада жаңа пәтердің 1 шаршы метрі - 593 764 теңге. Шымкенттегі жаңа пәтерлердің шаршы метрі - 502 636 теңгені құраған.
Ал шаршы метрі ең арзан жаңа пәтерлер Орал қаласында - 286 288 теңге. Бұл тізімді Ақтөбе (301 175 теңге) және Көкшетау (331 988 теңге) қалалары жалғайды.
Алматы жабдықталған тұрғын үйді жалға беру бағасы жөнінен де «көш бастады». Алмалы шаһардағы жалдамалы пәтерлердің 1 шаршы метрі - 5 275 теңге. Ал астаналықтар пәтердің шаршы метріне 4 966 теңге төлейді. Қарағанды да бұл көрсеткіш бас қала бағасымен шамалас - 4 420 теңге. Жезқазғандықтар да ай сайын пәтер ақысының әр шаршы метріне - 4 013 теңгесін түйіп отыр.