Заң • Бүгін, 16:20

Сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін жаза күшейтілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда сталкинг (қудалау), некеге мәжбүрлеу және әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Бұл және өзге де нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сталкинг пен мәжбүрлі неке үшін жаза күшейтілді

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Әділет министрлігінің өкілі Думан Сүлейменовтің айтуынша, заң азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуді, қылмыстық процестегі жарыспалылықты нығайтуды және артық бюрократияны азайтуды көздейді.

«Заң азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процестегі жарыспалылықты нығайтуға, сондай-ақ қылмыстық процесті оңтайландыру мен бюрократияны азайтуға бағытталған», деді ол.

Енді жеке өмірге қол сұғушылық, мәжбүрлі неке және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттер заңмен қатаң жазаланатын болады.