
Фото: Ашық дереккөз
Білім гранты келесідей бағдарламаларды қамтиды:
- Бакалавриат – 70 орын;
- Магистратура – 20 орын;
- Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру – 10 орын.
Оқу тәжік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Грант аясында талапкерлерге тегін оқу, ай сайынғы стипендия, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету қарастырылған. Алайда, жол жүру және тұру шығындары студенттің жеке есебінен төленеді.
Айта кетейік, 2025 жылғы 10 шілде мен 5 тамыз аралығы құжаттар қабылданады. Іріктеу дербес әңгімелесу арқылы жүргізіледі.
Білім алу мүмкіндігіне ие болуда мына санаттағы үміткерлерге басымдық беріледі:
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- Бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;
- Көп балалы отбасынан шыққан балалар;
- Соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тұрған үміткерлер;
- Шетелдік ЖОО-нан ресми шақыруы бар талапкерлер.
Қорытынды іріктеуді Тәжікстан тарапы өткізеді. Жоғары оқу орындары мен мамандықтардың толық тізімі арнайы ресурста қолжетімді.