Президент • Бүгін, 10:02

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.