
Қазір Дохада АҚШ, Қатар және Мысырдың араағайындығымен тараптар арасындағы тікелей емес келіссөздер жүріп жатыр. Келіссөздің негізіне Дональд Трамп ұсынған жоспар алынған. Онда атысты 60 күнге тоқтату қарастырылған.
«Біз барлық тұтқынды қайтарып, оқ ату әрекеттерін 60 күнге тоқтатуға әзірміз. Осы уақыт ішінде тараптар ұзақмерзімді бейбіт келісімге келуге тырысуы керек. Алайда, бұл үшін ХАМАС Газадағы әскери құрылымдарды жойып, биліктен кетуі қажет. Егер бұл талап орындалмаса, біз өзге жолмен әрекет етеміз», деді Биньямин Нетаньяху.
Айта кетейік, атыс пен қақтығыс салдарынан Газа секторы үлкен гуманитарлық дағдарысқа ұшырап отыр. Израильдің бұл мәлімдемесі келіссөз үдерісіне жаңа серпін беріп, тараптарды нақты шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін.