Ауа райы • 14 Шілде, 2025

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15, 16 және 17 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады. 16 шілдеде батыс пен солтүстік өңірлерде, 17 шілдеде солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және желдің екпінді күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде күн ашық, ыстық және жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, ал түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.

Аптап ыстық әсіресе республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде байқалады:

  • 16–17 шілде күндері оңтүстік-батыста +39…+44°С,
  • 17 шілдеде орталықтың кей аймақтарында +40°С,
  • Оңтүстікте +40…+44°С, оңтүстік-шығыста +40…+42°С дейін ысиды.
  • Солтүстік аймақтарда +30…+35°С, ал шығыста +35…+38°С шамасында болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35