
Фото: Ашық дереккөз
Куәгерлердің бірі – бұған дейін «Жас Отан» жастар ұйымының волонтері болған Сергей Матюшенко – 2021 жылы Перизат Қайраттың кеңсеге шақырып, дайын хаттама ұсынып, құрылтайшы болуға келісім сұрағанын айтқан. Құжатта өзге тұлғалардың аты-жөні мен қолтаңбалары алдын ала толтырылған көрінеді.
Матюшенко бірінші құжатқа қол қойғанымен, екінші хаттамаға қатысы жоқ екенін, ондағы қолдың өзінікі емес екенін нақтылады. Сот отырысында Перизат Қайрат пен куәгер арасында қысқаша диалог болды. Айыпталушы оның шынайы жауабын сұрағанда, Матюшенко:
«Екінші хаттамаға қол қойған жоқпын», деп жауап берді.
Сот барысында сондай-ақ бірлестік құрылтайшылары ретінде танылған тағы екі куәгер де хаттамадағы қолтаңбаларды мойындамаған. Олар да құжатқа ешқашан қол қоймағандарын жеткізді.
Қазіргі уақытта іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.