Өнер • Кеше

Әсем ән мен көңілді концерттер адамның психикалық саулығына қалай әсер етеді?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фестивальдер, концерттер, фермерлік базарлар мен спорттық жарыстар тек көңіл көтерудің ғана емес, психологиялық әл-ауқатты жақсартудың да құралына айналған. Бұл туралы Аустралияның Университеті жүргізген жаңа зерттеуде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсем ән мен көңілді концерттер адамның психикалық саулығына қалай әсер етеді?

Ғалымдардың айтуынша, офлайн іс-шараларға жиі қатысатын адамдарда қуаныш, қанағаттану сезімі мен белсенді қатысу деңгейі едәуір жоғары болады. Зерттеуге Оңтүстік Аустралияның 351 тұрғыны қатысқан. Нәтижесінде, офлайн форматтағы шараларға жиі қатысу адамның өмірге деген қызығушылығын арттырып, менталдық денсаулыққа оң әсер ететіні нақты деректермен дәлелденді.

Зерттеушілер қатысушылардан түрлі шараларға – мәдени фестивальдерден бастап фермерлік жәрмеңкелерге дейін – қаншалықты жиі барғандарын сұрап, олардың психологиялық хал-күйін PERMA әдістемесі арқылы бағалаған. Бұл модель бес бағытты қамтиды: позитивті эмоциялар, тартылу (engagement), қарым-қатынас, мағына және жетістік сезімі.

Тұрақты түрде офлайн шараларға қатысатын адамдарда қуаныш, шабыт, толқу секілді позитивті эмоциялар басым болған. Ең қызығы – олар уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай, оқиғаға толық беріліп кететіндерін айтқан. Бұл – сәттік көңіл көтеруден де маңыздырақ әсер: терең психологиялық сіңісу.

Ғалымдар офлайн іс-шаралардың әсіресе психикалық тұрғыдан әлсіз кезеңде жүрген адамдар үшін ерекше пайдалы екенін атап өтті. Ал онлайн іс-шаралар мұндай әсер бере алмайды.

«Адамдар көп жиналатын ортада болу – тіршілік сезімін оятады. Бұл бізге осы сәтте өмір сүріп жатқанымызды сезіндіреді», – деп айтылған зерттеуде.