
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Ауыр атлетика: Елордада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында отандастарымыз 21 алтын, 12 күміс 17 қола медаль жеңіп алды.
Құзға өрмелеу: Францияның Шамони қаласында құзға өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама мүшесі Ришат Хайбуллин күміс жүлдегер атанды.
Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында командалық Әлем кубогінде Қазақстанның ерлер құрамасы (Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез) қола медаль еншіледі.
Теннис: Нидерландтың бас шаһары Амстердамда Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 турнирінде отандасымыз Айым Қанағатова чемпион атанды.
Күрес: Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль олжалады.