Аймақтар • Бүгін, 17:13

Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балалар алаңы ашылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әскери азаматтардың балалары енді жаңа алаңда ойнайды. Оған қаланың Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен кәсіпкерлер демеушілік көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Шымкент гарнизонының әскери қалашығында балалар алаңы ашылды

Әскери оркестр музыкасы ойнаған салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент гарнизонының бастығы подполковник Сергей Бибулатов, Әл-Фараби ауданының әкімі Маратбек Мықтыбеков, кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері мен әскери қалашық тұрғындары қатысты.

Алғашқы сөзді алған подполковник Сергей Бибулатов бүгінгі оқиғаның ерекше маңызға ие екенін атап өтті.  Себебі өзі де бала-шағасымен осы қалашықта тұрады. Сондықтан ата-ана ретінде барша отбасының қуанышына ортақ екенін жеткізді.

«Құрметті Маратбек Сәменбекұлы, осы қалашықтың тұрғыны ретінде балаларымыздың қызықты балалық шағы үшін еңбек етіп, тер төгіп жатқаныңыз үшін сізге үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысымыз нығая түседі деп сенемін. Өйткені, балалар – біздің болашағымыз», деді ол.

Өз сөзінде аудан әкімі алғашқы күндерден бастап жобаның жүзеге асуына белсенді атсалысқан барлық кәсіпкерлерге өз атынан алғыс айтты.

«Осынау балалар мен спорт алаңшасында өскен бүлдіршіндеріміз ертеңгі күні шынығып, болашақта мықты спортшы мен елжанды патриоттар болып өсетініне сенімдімін. Қолға алған бастамамыз тұрғындардың көңілінен шықты деген ойдамыз. Енді олар бос уақыттарын пайдалы әрі тиімді мақсатқа жұмсайтын болады» деді ол.

Айта кету керек ойын алаңшасы бірнеше аймақтан тұрады: бір бөлігінде кішкентай балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы орналасса, екінші жағында ересек балаларға арналған спорттық жабдықтар мен жабық мини-футбол алаңы жайғасқан. Алаңның айналасында демалуға арналған орындықтар мен бастырмалар қойылған. Бұл балаларын ертіп келген ата-аналарға жайлы жағдай туғызу үшін арнайы осылай жасалған.

Шымкент