Шаруашылық • Бүгін, 09:36

Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр

Фото: ЖИ

Жобаның инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қаражат шопандарға тұрғын үй салу, мал ұстауға арналған қора-жайлар тұрғызу, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ жобада малды бордақылау, сою цехы, бие сүтін өңдеу, вакуумдалған ет өнімдерін шығару сияқты толық өндірістік цикл көзделген. Жобаны жүзеге асыруға облыстың алты ауылдық округі, 100-ге жуық уақытша және 22 тұрақты жұмысшы, 34 шаруа қожалығы және екі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қатысады.

Негізгі мақсаты — өңірде ашылып жатқан бордақылау алаңдарын малмен тұрақты толтырып, азық-түлікпен қамтамасыз етуге септігін тигізу. Ішкі нарықта берік жемшөп қорын қалыптастыру, қой басы санын өсіріп, импорт тәуелділігінің азаюына ықпал етіп, ірі және ұсақ шаруаларды біріктіру арқылы бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру.

Аталған жобалар мал шаруашылығы саласының дамуына, мал басы санының артуына және оны өңдеуге арналған кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ұлытау облысы