
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше кездесу барысында тұжырымдамалық құжаттың мазмұндық аспектілері, қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді нығайту саласындағы стратегиялық басымдықтар талқыланды. Қатысушылар бөлімдер бойынша ұсыныстарын білдіріп, негізгі идеяларымен және тұжырымдамалық тәсілдерімен бөлісті.
Талқылау барысында басты бағыттар бойынша ортақ ұстанымдар айқындалып, қосымша зерттеуді және нақтылауды қажет ететін мәселелер белгіленді.
Өз кезегінде, вице-министр Евгений Дмитриевич тұжырымдаманың тұтастығын және оны іс жүзінде қолданудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ құжатта қазіргі заманғы сын-қатерлер мен мемлекеттік саясаттың басымдықтары көрініс табуы қажеттігін жеткізді.
Нәтижесінде, кеңес барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, тұжырымдаманы одан әрі жетілдіру туралы шешім қабылданды. Аталған стратегиялық құжатты әзірлеу жұмыстары салалық мамандармен және сарапшылар қауымдастығымен тығыз өзара іс-қимылда жалғасып жатыр.