Қоғам • Бүгін, 14:53

Сынақ зертханасы лифт қауіпсіздігіне заңсыз бағалау жүргізген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижесінде «Казлифтконсалтинг» ЖШС-нің сынақ зертханасы бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-1-бабы 1-бөлімі, 2-тармағы негізінде аталған ұйымға қатысты 132 әкімшілік іс қозғалған, деп жазады Egemen.kz.

Сынақ зертханасы лифт қауіпсіздігіне заңсыз бағалау жүргізген

Құзырлы органның мәліметінше, зертхана Еуразиялық экономикалық одақтың КО ТР 011/2011 «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламенті шеңберінде бағалау жүргізгенімен, бұл әрекет оның аккредиттеу саласына кірмейтін көрсеткіштерді қамтыған. Мұндай қадам «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы»  Заңның 14-бабы 5-тармағына қайшы келеді. Аталған заң талабына сәйкес аккредиттелген ұйымдар тек өз құзыретіне жататын жұмыстармен айналысуы тиіс және нормативтік талаптарды бұлжытпай орындауға міндетті.

«Сәйкестікті бағалау жүйесіндегі талаптардың сақталуы, әсіресе лифт сияқты күрделі техникалық нысандардың қауіпсіздігіне қатысты болған жағдайда, аса өзекті. Сондықтан біз осы салада жұмыс істейтін барлық тараптарды белгіленген заңнамаларды қатаң ұстануға шақырамыз. Бұл – ықтимал тәуекелдерді азайтып, жабдықтардың қауіпсіз әрі сенімді қолданылуына жол ашады», деді Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Нәтижесінде сынақ зертханасына 2 миллион 320 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынып, заңға қайшы әрекеттерді түзету туралы нұсқама берілді.