
«Мен осы беделді іс-шараға үлес қосып, пленарлық сессияға қатысатыныма қуаныштымын», деді Хайтам әл-Гайс.
Энергетика апталығы аясында әлемдік көшбасшылар, халықаралық ұйым өкілдері және жаһандық, өңірлік энергетикалық компаниялардың жетекшілері бас қосып, саланың өзекті мәселелерін, жаңа трендтерін және даму перспективаларын талқылайды.
ОПЕК-тің қазіргі бас хатшысы бұл қызметке 2022 жылдың 1 тамызында тағайындалған. Ол халықаралық мұнай-газ саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Кувейт, Бейжің және Лондонда мұнай компанияларында жетекші қызметтер атқарған.
2018-2019 жылдары әл-Гайс ОПЕК-ке мүше емес мұнай өндіруші елдермен ынтымақтастық хартиясын әзірлеуге және оған қол қоюға тікелей қатысқан Кувейт делегациясын басқарды.
2021 жылы ол Кувейт ұлттық мұнай компаниясының (KPC) халықаралық маркетинг жөніндегі басқарушы директорының орынбасары қызметіне тағайындалып, жаһандық нарықтардағы даму болжамдары мен компанияның ұзақмерзімді стратегиясын жасаумен айналысты.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәртебелі Хайтам әл-Гайспен кездесіп, Қазақстанның ОПЕК алдындағы міндеттемелеріне адалдық танытатынын мәлімдеген болатын.