Аймақтар • Бүгін, 15:06

Жәйремде жол сапасы қандай

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде 13 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.

Жәйремде жол сапасы қандай

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Ұлытау облыстық филиалының мамандары осы жолдардың сапасын тексеріп, асфальт бетоннан сынама алу жұмыстарын жүргізді.

Сынама алу жұмысымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған жолдардың көлемдері де өлшенді.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Жәйрем кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арасында келісімшарт негізінде 13 көшеде асфальт жабындысынан сынама алынды. Соның ішінде Асатов, Серпін көшелері тексерістен өтпей қалған. Осы аталған көшелерден қайтадан сынама алынды. Нәтижесі он жұмыс күні ішінде дайын болады. Егер аталған көшенің жолдары тағы да талапқа сай болмаса, асфальт толықтай сүріліп тасталып, қайтадан салынады.

«Біз Жәйрем кенті жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын тексердік. Жол жөндеу жұмыстары басталғаннан бастап біздің филиал Жәйремге жеті рет келіп, сынақ зертханасына қырық сегіз сынама алды. Нәтижесінде іріктелініп алынған сынаманың үшеуі нормативтік талаптарға сай болмағандықтан қайтадан сынама алуға келдік», дейді Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Ұлытау облысы бойынша филиалынын инженері Оразалы Оразбаев.

Сынамаларды кез келген жерден алуға болмайды. Өзінің белгіленген жерлері бар. Сынама алу кезінде міндетті түрде мердігер компанияның мамандары және техникалық қадағалау мамандары қатысады. Осы жолы сынама алуға жолды жасаған мердігер «Арқа құрылыс - 2009» ЖШС өкілдері, кент әкімі және депутаттар да барды.

Ұлытау облысы