Жәдігер • Бүгін, 08:30

Қаламгердің көзілдірігі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы сөз зергері Ғ.Мүсірепов музей-үйінің қорында жазушының өзі пайдаланған бұйымдары, кітаптары, қолжазбалары, қойын кітапшалары, көзілдіріктері, т.б. сақтаулы.

Қаламгердің көзілдірігі

Әр зат өзіндік ерекшелігімен қызықтырады. Сондай жәдігердің бірі – жазушының көзілдірігі. Материалы – шыны, плас­тик, металл. Көзілдірік бірыңғай қоңыр түсті пластик материалынан жасалып, жақтауы мен құлаққа ілетін тұсы темір шүріптермен бекітілген. Көзілдіріктің ерекшелігі, сол жақ құлаққа ілетін тұсына «Электроника» АС-В. 3849007» есту аппараты орнатылған. Қосу, ажырату тетігі бар. 80-жылдары арнайы тапсырыспен зауытта жасалған. Жазушы өмірінің соңғы жылдарында пайдаланған. Музей қорына 2021 жылы жазушының қызы Гүлнәр Ғабитқызы Мүсірепова тарту еткен. Бұл күнде көзілдірік Ғабеңнің жұмыс үстеліне қойылған. Келушілердің қызығушылығын тудыратын құнды жәдігерді көргілеріңіз келсе, музейге асығыңыздар!

 

Рашида ОТАР,

Алматы қаласы музейлер бірлестігі С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов әдеби-мемориалдық музей-кешенінің ғылыми қызметкері