Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

54 жылға созылған марафон

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиада ойындарында марафонға қатысқан спортшылардың бірі жапондық Сидзо Канакури аптап ыстыққа шыдай алмай, жарыс жолының жартысында есінен танып қалады.

54 жылға созылған марафон

Содан жақын маңдағы фермерлердің отбасы оған көмек көрсетіп, спортшы әрең дегенде есін жияды. Бұл марафоннан медаль алмасын білген Канакури ешкімге ескертпестен Жапонияға тартып кетеді.  Ол кезде жарыстан шығып кеткен спортшы жайлы ақпарат бірден тарай қоймайтын. Осылайша, шведтер оны із-түзсіз жоғалды деп санап, тізімнен де сызып тастаған. Арада 50 жылдан астам уақыт өткенде журналис­тер оның кейін де бірнеше Олимпиада марафондарына қатысқанын анықтайды. Осыдан кейін оған 1912 жылғы Стокгольм марафонын ресми түрде аяқтау ұсынылады. Канакури бұл ұсынысты қабыл алып, мәреге дейін жүгіріп өтеді. Сөйтіп, оның жүгіру уақыты – 54 жыл, 8 ай, 6 күн, 5 сағат, 32 минут және 20,3 секунд болып тіркеледі.