Оқиға • Бүгін, 12:33

Перизат Қайрат кінәсін мойындамады - прокурор

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында өтіп жатқан сот процесінде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі кезінде айыпталушының жабық отырыста берген кейбір жауаптары жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перизат Қайрат кінәсін мойындамады - прокурор

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекеттік айыптаушы Арман Казекеннің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ол сотта қаражатты банк арқылы емес, қолма-қол түрде Палестинаға апарғанын айтып, бұлай жасау арқылы халықаралық аударымның әскери қақтығысты қаржыландыру ретінде қабылдануынан қауіптенгенін түсіндірген.

«Перизат Қайрат шетелге жиі шығуын осы себеппен байланыстырса да, бұл сапарлар Біріккен Араб Әмірліктерінде жасалған қымбат сатып алулармен қатар жүрген», деді прокурор Арман Казекен.

Тергеу деректері бойынша, Перизат Қайрат пен оның анасы азаматтардан Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде жиналған 559 млн теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

Айыптаушы тарап қаражаттың заңдастыруы Rebel Flowers гүл дүкенін сатып алу арқылы жүргізілгенін алға тартқан.

Сот процесі жалғасып жатыр.