Футбол • Бүгін, 14:31

КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін алматылық «Қайрат» футбол клубы сырт алаңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz

КуПС - «Қайрат» матчы тікелей эфирден көрсетіледі

Фото: ФК «Қайрат»

«Қайраттың» қарсыласы - финляндиялық КуПС командасы. Кездесу Куопио қаласындағы «Вяре Арена» алаңында болады. 

Маңызды матч 20: 00-де басталады. «Қайрат» - КуПС ойынын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

 

КуПС командасы туралы не білеміз?

1923 жылы 16 наурызда құрылған. Ғасырдан астам тарихында 7 рет Финляндия чемпионы атанып, 5 рет ел кубогін жеңіп алған. «КуПС» еурокубоктардың іріктеу кезеңдерінің тұрақты қатысушысы. Десе де бұған дейін УЕФА турнирлерінің топтық кезеңінде өнер көрсетпеген. 

Қазақстандық жанкүйерлер «КуПС» командасын 2021/2022 маусымындағы «Астанамен» кездесу арқылы таниды. УЕФА конференц-лигасының іріктеу кезеңінде Финляндия құрамасы Астанада өткен бірінші ойында 0:1 есебімен жеңілгенімен, кейін өз алаңында 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайшағ КуПС қазақстандық клубты турнир жолынан шығарып жіберген. Бұл құрамда әлі күнге дейін KуПС-те ойнайтын екі ойыншы: қақпашы Йоханнес Крейдл және жартылай қорғаушы Арту Хайнонен бар. Екеуі де Қазақстан құрамасына қарсы тағы да алаңға шығуы әбден мүмкін.