
Фото: Ашық дереккөз
Туризмнен түскен табыстың басым бөлігі екінші тоқсанға тиесілі – 1,2 миллиард доллар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артық. Сарапшылардың болжамынша, жыл соңына дейін елдің туризм кірісі 4,5 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Ресми статистикаға сәйкес, екінші тоқсанда Грузияға 1,6 миллион шетелдік келуші барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Олардың 80,1 пайызы елде түнеген, ал бір күндік сапармен келгендер саны 5,4 пайызға азайған.
Туристік ағынның артуына Ресей (+16,0%), Еуропалық Одақ елдері (+20,5%), Армения (+7,2%) және Үндістан (+33,5%) саяхатшылары елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, Әзербайжаннан келетін туристер саны да 46,7 пайызға өсіп отыр, құрлық шекарасы жабық болғанына қарамастан.
Ал Түркия мен Ираннан келетін туристер саны сәйкесінше 16,5% және 8,2% төмендеген.
Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан турист жіберуші алғашқы он елдің қатарына енген.