Қоғам • Кеше

Белесебет мінген бағбан

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласының тұрғыны Махамбет Иманқұл өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына гүл өсіріп, ала жаздай күтіп, баптап ұстап отыр. Күнара арамшөбін жұлып, суарып тұрады.

Белесебет мінген бағбан

Бағбан суды дайын краннан алмайды. Белесебетіне мініп қаланың іргесіндегі жасанды суқоймасынан ­тасиды.  

«Бір барғанда 5 литрлік 5-6 құты су әкелемін. Үйге келіп тұрған судың құрамында хлор болады, ол – өсімдікке зиян. Бес жылдан бері гүл өсірумен айналысып келемін. Тұрған жерінің таза, жинақы болғаны бәріне жақсы ғой. Жан-жағыма кішкене болса да тигізген пайдам болсын деп өз қолыммен еккен гүлдер ғой, анадайдан жайқалып тұрғанын көріп көз қуанады», дейді Махамбет Иманқұл.

Тұрғынның айтуынша, Арқалықта өзі сияқты гүл өсіретін адамдар бар­шылық. Мәселен, Абай даңғылы бо­йындағы 50-үйдің тұрғындары да аула­сын тап-тұйнақтай етіп,  гүл өсіріп, көпке үлгі көрсетіп отыр.  Әсіресе Жаңылай Ахметова, Татьяна Дутковская сияқты зейнеткерлер үйлерінің айналасын гүлдендіріп, жайнатып отыр.

«Адамның айналасы таза болса, бойы да, ойы да сергек болады.  «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама­сының басты мақсаты да – осы ғой. Қазір    жұрттың көбі табиғат алдындағы жауапкершілікті сезініп, өзі тұрып жатқан жерді таза ұстайтын болды. Жалпы, тазалыққа көз үйренген жақсы ғой», дейді бағбан.  

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше