Өндіріс • Кеше

Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өскен, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан

Фото: kazgazeta.kz

Ұлттық статиститка бюросының мәліметінше, 5 ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірген. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60% құраған.

Импорт көлемі де 13,6% артып, аталған кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінген.

Керісінше, экспорт 0,4% азайып, шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілген.

Көкөніс және жеміс шырындарын ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жеткен. Ал 2024 жылдың қаңтар–мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.