Оқиға • 25 Шілде, 2025

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыстан кейін көлік бірнеше рет аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Фото: Ашық дереккөз

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Ескелді би және Қаблиса Жырау көшелерінің қиылысында болған.

«Алдын ала деректер бойынша, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан қиылысқа шығып кетіп, Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол қозғалысы ережесін бұзған адамға қатысты заңға сәйкес процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша іс қозғалған.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде 15 698 жол-көлік оқиғасы тіркелген.