«Таза Қазақстан» • Кеше

Жастар саябағында тазалық шарасы өтті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен елордадағы аталған саябақта тазалық шарасы өтіп, оған 150-ден астам жас ерікті қатысты, деп жазады Egemen.kz

Жастар саябағында тазалық шарасы өтті

Фото: Елорда әкімдігі

Жас азаматтар саябақ аумағында 200-ден астам ағашқа су құйып, қоршаған ортаны жасыл желекпен көмкеруге атсалысты, қоқыс пен арам шөптер жинап, 150 килограмнан асатын 18 қап қалдық шығарды. Сондай-ақ, 20-дан астам қатысушы үйлерінен арнайы алып келген пластикалық бөтелкелер мен ыдыстарды тапсырып, қайта өңдеуге жіберді.

«Бүгінгі шараның мақсаты – жастардың бойында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыру, оларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Жасыл орта – жарқын болашақтың кепілі. Бұл тек сенбілік емес, үлкен тәрбие мектебі», дейді жоба жетекшісінің орынбасары Абдурашитов Асылбек.

Сонымен қоса, «Кітап алмасу» акциясы да өтіп, 30-дан астам жас оқып шыққан кітаптарын жаңа кітаптарға алмастырып, рухани байлыққа деген құштарлықтарын танытты.

«Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, елді мекендер мен саябақтарды абаттандыруға, орманды алқаптарды қалпына келтіруге үлес қосып келеді. Бұл – жастардың еңбек пен елжандылыққа және бірлікке бастар жолы. Жастар саябағындағы бүгінгі шара соның бір айғағы іспетті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше