Оқиға • 25 Шілде, 2025

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

Фото: Ашық дереккөз

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әуе көлігінде үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің тиісті бөлімшелері оқиға орнына барып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды», делінген хабарламада.

Министрлік тергеу барысында қосымша ақпараттар жария етілетін хабарлады.