Жоба • Бүгін, 11:30

Көлік-логистика саласындағы іргелі жоба

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанайда ірі инфрақұ­ры­лымдық жобаның бірі – «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы басталды. Өңір өнер­кәсі­бінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында қолға алын­ған халықаралық хаб қала аумағында орналасады, сондай-ақ келешекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген тран­зиттік стратегияны жүзеге асырудың негізгі торабына айналмақ.

Көлік-логистика саласындағы іргелі жоба

Нысанды іске қосу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Елнар Жұматаев және «Allur» компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатыс­ты. Аталған жобаны «Өнеркәсіпті дамыту қорының» қолдауымен «Ке­дентранссервис» АҚ жүзеге асырады. Жалпы құны 64 млрд теңге болатын логистикалық кешен Қостанай іргесіндегі 133,6 гектар  аумақты алып жатыр. «Тобыл» КЛК іске қосылған соң жылына көлемі жиырма футтық 400 мың контейнер немесе 11 млн тоннадан астам жүк тасымалданбақ.

Кешен 500-ден астам логистерді, операторларды, IT және қызмет көрсетуші мамандарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев іске қосу рәсімінде сөйлеген сөзінде жобаның маңызына тоқталды.

«Біз жай ғана логистикалық хаб салып жатқан жоқпыз, елдің жаңа экономикалық географиясының берік негізін қалап жатырмыз. «Тобыл» келешекте логистика, цифрландыру, білім және индустрия тоғысқан зияткерлік алаңға айналады. Мұнда жастарға көптеген жаңа мамандық, жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Бұл – аймақтық емес, ұлттық жоба, бүкіл елдің өркендеуінің катализаторы. Кешен еліміздің жаһандық жеткізу тізбегіндегі позициясын нығайтып, бизнес пен инвесторлар үшін және осында, өз отанында өсіп, дамығысы келетін адамдар үшін жаңа мүмкіндік ашады», деді Премьер-министрдің орынбасары.

2025 жылдың бірінші жартыжыл­дығында ел арқылы транзиттік тасымалдау 16,8 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Мамандар «Тобыл» КЛК іске қосылған соң көрсеткіш едәуір ұлғаяды деп отыр.

«Жаңа кешен кәсіпорындар үшін логистикалық шығындарды төмен­детуге, экспортқа бағдарланған өнді­рістерді дамытуға және өңдеу секторына жаңа инвестициялар тартуға және жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайда болуына жағдай жасайды. Біз «Тобыл» көлік-логистикалық кешені инвестиция әлеуетін арттырып, өңір өнеркәсібінің одан әрі дамуына серпін беретініне сенеміз», дейді «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің директоры Айдын Әлімов.

Кешен Қытай, Орталық Азия, Түркия, Иран, Ауғанстан және Еу­ропаны байланыстыратын халық­аралық көлік дәліздеріне тікелей қо­сылады. Қазақстанның солтүстігінен Ресейдің Орал аймағына, Қытайға жөнелтілетін жүк көлемі де артады. Кешен аумағында «Бәрі бір жерде» қағидаты бойынша терминалдар, қоймалар, кедендік рәсімдеу, IT және сервистік аймақтар орналасады.  Жүктерді бақылаудың цифрлық жүйесі де қамтамасыз етілген. Құрылыс 2027 жылы аяқталады деп жос­парланып отыр. 

Бүгінде Қостанай облысы – еліміздің ірі индустриялық орталықтарының бірі. Мұның сыртында, биыл өңірде жылына 70 мың автокөлік шығаратын «KIA» зауыты, 220 мыңнан астам автокомпонент өндіретін жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Ал логистика дамымай, мұндай ірі кәсіпорындардың өміршең болуы мүмкін емес. Демек, «Тобыл» көлік-логистикалық кешені аймақта өндірілетін өнімдердің тұрақты экспортын қамтамасыз ететін бірден-бір инфрақұрылымдық тірек болмақ.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше