
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Жоспарланған өзгерістер тамақтану саласындағы заманауи ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Сондай-ақ Арнаулы әлеуметтiк қызметтерді (АӘҚ) қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жаңартуға бағытталған.
Тізімді жаңарту – АӘҚ алушылардың денсаулығын нығайтуға оң әсерін тигізеді, өйткені витаминдер мен минералдарға бай өнімдерге ерекше назар аударылып, тамақтану сапасы жақсарады.