
Жинақтардың негізгі бөлігін – 22,85 трлн теңгені міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) құрайды. Бұл бағыттағы өсім бір жылда 18,7 пайызға жеткен. Ал міндетті кәсіптік жарналар (МКЗЖ) 683,1 млрд теңгені құрап, 10,2 пайызға артқан. Ең жоғарғы өсім ерікті жарналар (ЕЗЖ) бойынша тіркеліп отыр – бір жылда 35 пайызға өсіп, 8,73 млрд теңгеге жетті.
2024 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖР) түсіп жатыр. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл жарналар көлемі 463,98 млрд теңгені құраған.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында салымшылардың шоттарына 1,575 трлн теңге түскен. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,8 пайызға жоғары.
Инвестициялық табыс та оң нәтиже көрсетіп отыр – жылдың басынан бері таза кіріс көлемі 350,7 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан төленген қаражат көлемі 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 71,1 пайызға артық. Оның ішінде 451,58 млрд теңге тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге бағытталған.
Сарапшылар пікірінше, зейнетақы салымдарының тұрақты өсуі азаматтардың еңбек нарығына белсенді қатысуымен, жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауымен және инвестициялық кірістің оң серпінімен байланысты. Ерікті жарналар өсімі де қазақстандықтардың зейнет жасына дайындық мәдениеті қалыптаса бастағанын байқатады.