Оқиға • Кеше

Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іздеу-құтқару жұмысына ТЖМ тікұшағы, құтқару қызметі, ТЖД Арнайы апат-құтқару қызметі, Республикалық жедел-құтқару жасағы, кинологтар мен еріктілер тартылған. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, екі тәулікке жуық іздестірілген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Фото: threads.com/@di_aidarkhan

Мәйіт табылған орынға баратын жолда мұздықтар бар болғандықтан, құтқарушылардың көтерілуі мен түсуі шамамен 5 сағатқа созылған. Қазір оқиға орнында Алматы қаласының полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің психологы жұмыс істеп жатыр.

«Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ тікұшағы, 50-ден астам құтқарушы мен ерікті, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон), 8 техника, 3 кинологиялық есеп жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖД.