Әлем • Кеше

Биометриялық төлем әдісі пайда болды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік «VisionLabs» компаниясы метрода адамның бет-бейнесі арқылы төлем жасайтын жүйе енгізді. Жүйе Мәскеу, Алматы, Ташкент метроларында орнатылған. Қазірге дейін бұл технология метро стансаларвның 75 пайызына енгізілді, алдағы уақытта барлық стансада іске қосылмақ.

Биометриялық төлем әдісі пайда болды

Компания 2024 жылы FacePay жүйесінен 500 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Компания алдағы үш жылда жалпы табысын 2,5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Қазір VisionLabs-тың ең белсенді тұтынушылары Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, сондай-ақ Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерінде.

Бетпен төлеу – бұл компания бизнесінің бір бөлігі ғана. Олардың негізгі бағыттарының бірі – банктік биометрия. Бұл дегеніміз – адамды құжатсыз тану, банкоматқа картасыз кіру немесе банк бөлімшесіне келген клиентті автоматты түрде тану. Екінші үлкен сала – ұлттық ID жүйелері. Мұндай жүйелер мемлекеттік қызметтер алу кезінде адамның жеке басын растайды. Үшінші бағыт – қауіпсіздікке арналған қылмыскерлерді анықтау, ақылды қалаларда адамның әрекетін талдау сияқты шешімдер.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше