«Шудан талай талант түлеп ұшқаны белгілі. Қасиет дарып, құт қонған өлкеде туған дара тұлғалар ел мәдениетіне елеулі үлес қосты. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөлге ие екені анық. Әбдімомын Желдібаев секілді дарабоз тұлғаның ізін басатын әлі талай жас буын шығатынына күмән жоқ», деді облыс басшысы жаңа нысанның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Мәдениет үйінің құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарамасы аясында жүзеге асқан. Құрылыс жұмысын «Ник Тараз» ЖШС жүргізіпті. Ал жобаның жалпы құны 373 млн теңгені құрайды. Мәдениет ошағында 13 қызметкер еңбек етеді. Мұндай ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері бар.