Үкімет • Кеше

Су жеткізу мәселелері бойынша екі елмен келіссөздер жүргізілді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша орынбасары Қанат Бозымбаев 28 шілдеде Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Су жеткізу мәселелері бойынша екі елмен келіссөздер жүргізілді

Фото: primeminister.kz

Тараптар Нарын су электр стансалары каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады. Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылык пен судың аз келуі салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ Үкіметтің мәліметінше 29 шілдеде Ташкент қаласында вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшыларымен келіссөздер жүргізіп, екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жою бойынша бірлескен шаралар келісілді.

Осылайша, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында вегетациялық маусымды толық аяқтау қамтамасыз етіледі және бұл мәселе Үкімет пен өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.