Қоғам • 01 Тамыз, 2025

Ақынға құрмет көрсетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Меркі ауданында ақын, Қазақстанның құрметті жазушысы Шырын Мамасерікованың мерейтойы кеңінен аталып өтті. Әдеби кешке жинал­ған қауым әуелі Жауғаш батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Бұдан соң аудандық мәдениет үйінің фойесіне қойылған «Ақ Шырын, ақын Шырын, ана Шырын» атты кітап көрмесін тамашалады.

Ақынға құрмет көрсетті

Кейіннен ақынның мерейтойына арналған іс-шара «Өлеңімнің әр жолы – өмір­баян» атты шығармашылық кешке ұласты. Әдеби-мәдени кеште алғаш сөз алған облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің құттықтау хатын оқып, іргесін ауылдан алыстатпаған ақынға құрмет көрсетті.

Қазақстан Жазушылар одағы бас­қар­ма төрағасы Мереке Құлкенов сөз алып, Шырын Мамасерікованы 80 жыл­дық мерейтойымен құттықтады.

«Шырын апайды жас кезімнен білемін. Шырын Бөкейқызы Алматыға ат басын бұрғанда, тұтас ауыл көшіп келгендей болатын. Ауылда тұрып, тамаша өлеңдер жаза білді. Алматыдағы ақындарды сол өлеңдерімен мойындатты. Сізге ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілеймін», деді одақ төрағасы.

Ән-жырмен әдіптелген шығар­машылық кеш барысында айтулы ақынның інілері мен сіңлілері, қалам­дас бауырлары ақжарма тілектерін аяп қалған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Шырын Мамасерікова әріптестері­нің де, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің де ыстық ықыласына бөленді.

Шығармашылық кеш соңында сөз алған Шырын Мамасерікова құрмет көрсеткен азаматтардың барлығына ризашылығын жеткізді. Тағдырдың түрлі сынақтарына төзе білген ақын алдағы уақытта да Меркісінен алыстамай, тамаша өлеңдер жазуға уәде етті.

 

Жамбыл облысы,

Меркі ауданы

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025