Зерде • 01 Тамыз, 2025

Ел оқушылары халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта география пәнінен IGeO–2025 халықаралық олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс иеленді, деп жазады Egemen.kz.

Ел оқушылары халықаралық олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Алтын алғандар –  Қарағанды облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Талғат Байбусынов және Қостанай облысындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов. Күміс жүлдегерлер – Жетісу облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Болат Ақжол және Ақтөбе облысындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Әлихан Қалмағамбетов.

Команда жетекшілері: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2-курс студенті Рустам Валеев және республикалық-халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Абай Дүйсен.

Айта кетелік, Қазақстан IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері қатысып келеді, осы уақыт аралығында 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медальдар жеңіп алған.