Қазақстан • 01 Тамыз, 2025

Қазақстан – Батыс пен Қытай арасындағы транзитті қамтамасыз етіп отыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай мен Еуропа арасындағы транзитті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан аса маңызды рөл атқарады. Ел аумағы арқылы Шығыс Азияның өндірістік кластерлерін Еуропаның тұтыну нарықтарымен байланыстыратын стратегиялық теміржол және мультимодальды маршруттар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан – Батыс пен Қытай арасындағы транзитті қамтамасыз етіп отыр

Фото: yandex.kz

Халықаралық көлік бастамаларын іске асыру шеңберінде шығыс шекараларында шекаралық өткелдер белсенді дамып жатыр, «Қорғас – Шығыс қақпасы» сияқты құрғақ порттардың қуаты кеңейіп келеді және Каспий өңірінің порттарын қоса алғанда, батыста инфрақұрылым күшейтіліп жатыр.

Ішкі терминалдық желіні дамытумен қатар Қазақстанның шетелдік жүк құраушы нүктелерде болу географиясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданып отыр. Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында Қазақстан-Қытай терминалдары жұмыс істейді, сондай-ақ отандық жеке сектор Поти портында терминал тұрғызды.

Заманауи логистикалық хабтарды құру және халықаралық көлік дәліздерімен интеграциялау Қазақстанды жаһандық жеткізу тізбегінің маңызды бөлігіне айналдырады.

Үкіметтің осы саладағы жүйелі жұмысы елге өзінің географиялық жағдайынан экономикалық пайда алып қана қоймай, транзиттік дамудың тұрақты моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025