
Фото: olympic.kz
Бақыт Сәрсекбаев баптайтын боксшылардың алғашқы қарсыластары:
50 келіге дейін: Нұрзат Оңғаров – Вики Тахумил (Индонезия)
55 келіге дейін: Бексұлтан Боранбек – Самандар Олимов (Өзбекстан)
60 келіге дейін: Нұрислам Қалдыбаев – Сын Хун Ю (Оңтүстік Корея)
65 келіге дейін: Илья Калинин – Малик Прит (Үндістан)
70 келіге дейін: Нұрбек Мурсал – Картик Далал (Үндістан) – Брэндон Сориано (Филиппин) арасындағы жекпе-жек жеңімпазы
75 келіге дейін: Аман Қонысбек – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
80 келіге дейін: Санжаралы Бегалиев – Сонву Чан (Оңтүстік Корея)
85 келіге дейін: Азатбек Жолдасхан – Роки Чаудхари (Үндістан)
90 келіге дейін: Темірлан Мұқатаев – Куо Чао (Қытай)
90 келіден жоғары: Нұрасыл Асылхан – Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
Әйелдер:
48 келіге дейін: Гүлназ Бөрібаева – Чи Нго (Вьетнам)
51 келіге дейін: Томирис Мырзақұл – Ким (Оңтүстік Корея)
54 келіге дейін: Сымбат Әлиасқар – Чин-Лин (Тайбэй)
57 келіге дейін: Виктория Байдукова – Хуморабону Мамаджонова (Өзбекстан)
60 келіге дейін: Әсем Таңатар – Ю Тиан (Қытай)
65 келіге дейін: Аружан Жанабаева – Дина Шанатбиеке (Қытай)
70 келіге дейін: Бақыт Сейдіш – Жанг (Қытай) – Парнджал (Үндістан) арасындағы жекпе-жек жеңімпазы
75 келіге дейін: Шұғыла Нәлібай - Шрути (Үндістан)
80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын – Диёрахон Абдуманвобова (Өзбекстан)
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық боксшылардың барлығы алғашқы айналамынан жарыс жолына шықпайды.
Мысалы, Нұрбек Мұрсал (75 келіге дейін), Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әсем Таңатар (60 келіге дейін), Аружан Жанабаева (65 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) турнирді ширек финалдан бастаса, Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бірден финалға шығу үшін жұдырықтасады.
Айта кетейік, 1 тамызда алғаш болып U19 жас санатындағы спортшылар бақ сынайды. Азия біріншілігі 11 тамызда мәресіне жетеді.