Әйел әлемі • 31 Шілде, 2025

«Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды

Алтын құрсақты аналармен өткен кездесуде шаһар басшысы нәзікжандыларға деген құрмет азаймайтынын атап өтті.

«Азаттық алған жылдарда демографиялық саясатқа айрықша басымдық берілді. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионнан асып отыр. Ана мен баланы қорғау мақсатында да мемлекет тарапынан көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс ешқашан тоқтамақ емес», деді қала басшысы кездесу барысында сөйлеген сөзінде.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша берілген 5 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 30 анаға «Күміс алқа» табысталды. Өз кезегінде көпбалалы аналар да қала басшысына ризашылығын жеткізді.