Елорда • Бүгін, 12:23

Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді және жұмыстар Арыс көпірінде де жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.

Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: Астана әкімдігі

Сол орайда осы айдың 3-25 күндері аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылып, көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

«Тұрғындар мен қонақтар жолдарда кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет» делінген хабарламада.