
Фото: Үкімет, телеграм
«Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл – медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі», деді Олжас Бектенов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі деңгейі 10%-ға, нәресте өлімі 26,3%-ға төмендеген.
Премьер-министр өлім-жітім деңгейін одан әрі төмендету жөнінде бірқатар тапсырма берді.