Төтенше жағдай • Бүгін, 18:53

Екібастұздағы көмір кенішінде ер адам биіктен құлап, ауыр жарақаттанды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Богатырь Көмір» компаниясында ер адам биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 2 тамыз күні көмір кеніші аумағында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұздағы көмір кенішінде ер адам биіктен құлап, ауыр жарақаттанды

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның аумағында 1993 жылғы қызметкер жұмыс уақытында жоғары кернеулі электр бағандарында жөндеу жүргізу кезінде биіктен құлаған. Зардап шегуші оқиға салдарынан ауыр жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

- Жазатайым оқиға 2 тамыз күні тіркелді. Зардап шеккен адам «Богатырь Көмірде» жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу бойынша электрші-слесарь болып еңбек еткен. Біздің басқарма аталған жазатайым оқиға бойынша қазір тергеу іс-шараларын бастады. Алғашқы түскен ақпараттар бойынша, ол жұмысын аяқтап биіктен түсіп келе жатқанда құлаған. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, ол ауыр жарақаттанған, жағдайы ауыр. Оқиғаның толығырақ мән-жайы тергеу аяқталған соң ғана белгілі болады. Ер азаматтың отбасы бар,-деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі жазатайым өндірістік оқиғаны тіркеді. Еңбек инспекциясы жүргізіп жатқан тергеу іс-шараларының қорытындысы полицияға беріледі. Егер оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталса, қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.

Павлодар облысы

Екібастұз қаласы