Қоғам • Бүгін, 10:00

Инватакси қызметі жетілдіріледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Инватакси қызметі жетілдіріледі

Фото: gov.kz

Жыл басынан бері Астана мен Алматы қалаларында осы қызмет 266,8 мың рет пайдаланылған. 

Былтыр мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін 207,2 мың рет шақырған. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдаған.  Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет. Бұл инватаксиді күту кезегінің және көлік жетіспеушілігінің алдын алады. 

Осы және өзге шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге сұраныс білдірген такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталған.  Жобада сапар ақысына пайыз қосылмайды. Бұған дейін мұндай пайыз агрегатор платформаларының пайдасына аударылып келген. Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса бастаманы ел бойынша енгізу жоспарланған.