Қоғам • Бүгін, 11:52

Қазақстанға 40 градус ыстық оралады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің синоптиктері 7, 8 және 9 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға 40 градус ыстық оралады

Қысқа мерзімді салқындаудан кейін еліміздің оңтүстік өңірлері қайтадан жылы әрі құрғақ ауа массаларының ықпалында болады. Синоптиктердің мәліметінше, 8 тамыздан бастап Иран аумағынан жылы ауа келе бастайды, бұл күндізгі температураның +35…+41 градусқа дейін көтерілуіне алып келеді.

«Ал солтүстік өңірлер болса, әлі де суық ауа массаларының ықпалында болады – найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын мен бұршақ болуы мүмкін», деді синоптиктер.