Заң • Бүгін, 13:45

Р. Берденовке қастандық жасаған күдікті кінәсін толық мойындады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 21 сәуір күні Е.Жиембай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р. Берденовке қарсы қастандық жасаған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Р. Берденовке қастандық жасаған күдікті кінәсін толық мойындады

Фото: ашық дереккөзден

Р.Берденовтің жеке басын жақтырмау себебімен жеңіл мас күйінде болған сотталушы аңшылық қаруды алып, әкімдік ғимаратының маңына барған.

Сол жерде Е. Жиембай Р. Берденовтің шыққанын күткен. Кешкі тоғызға жақын уақытта әкім орынбасарының ғимараттан шығып келе жатқанын көрген сотталушы, мылтығымен қасына жүгіріп келіп, қасақана қазаға ұшырату мақсатымен бес рет оқ атқан. Шабуылдан Р. Берденов ауыр дене жарақаттарын алған.

Р. Берденовтің құлағанына көз жеткізген Е. Жиембай өмірді қиятын соңғы оқ атуға әрекет жасаған, алайда оғы таусылып, қару атылмай қалған. Осыдан кейін жаралы Р. Берденовпен күрес басталып кеткен. Сол кезде Е. Жиембай қолынан мылтығын түсіріп алған.

Бұл сәтте әкімдікке тиесілі жүргізушінің бірі қызметтік көлікпен Е. Жиембайды қағып кеткен. Осылайша адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық іс-әрекетін тоқтатады. 

Сот барысында қылмысқа итермелеген мотивте анықталды.

Айыпталушы мен жәбірленуші арасындағы жағдайға жеке басты жақтырмау мотиві себеп болған. Алайда Е. Жиембай бірден радикалды тәсілге барып, нәтижесінде адамды қасақана өлтіре жаздаған.

Ал айыпталушы Е. Жиембай өз кінәсін толық мойындаған. Айыпталушы Р. Берденовке қарсы қылмысқа жеке басын жақтырмау себебінен барғанын растады.

Ернар Жиембай тарапы фактілерді теріске шығармаған.

Жалпы алғанда Е. Жиембайға қатысты процесс Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қалыпты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде ашық режимде және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр.