
Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Оның айтуынша, бұл жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін ұлғайтпай, медициналық көмек жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қаржыландыру үлесінің кезең-кезеңімен өсуінің нәтижесінде, жарна мөлшері биылғы 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Бұл жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге қаржы тартуға мүмкіндік бермек. Ал ол өз кезегінде халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға зор үлес қосады.
Сондай-ақ енді МӘМС жүйесіне бес жыл бойы тұрақты төлем жасаған адамның сақтандырылған мәртебесі 6 айға дейін сақталады.
Л.Шоманова бұл норма тұрақты түрде жүйеге қатысып келген, бірақ уақытша қиындыққа тап болған азаматтарды қолдауға мүмкіндік беретінін айтты.
- Медициналық ұйымдар мен Қордың қызметі ашық әрі есеп беруге міндетті болады;
- Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қадағалау құзыреті берілді. Олар арнайы құжатсыз медициналық қызмет көрсетуді анықтаса, бірден тоқтата алады.
Бұл өзгерістер халықтың медициналық сақтандыру жүйесіне деген сенімін нығайтуға және қатысу шарттарын әділ етуге бағытталған.