Алматы • Бүгін, 17:21

Алматы әуежайы заманауи хабқа айналады

60 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматы халықаралық әуежайы Horizon инфрақұрылымдық жобасының бірінші кезеңін іске асыруға кірісті, оның аясында алдағы 25 жыл ішінде оңтүстік астананың әуе айлағы толығымен жаңғыртылатын болады. Жолаушылар и 12,5 млн-нан 40 млн-ға дейін артады. Жобаның құны 1,5 млрд долларға бағаланған, деп жазады   Egemen.kz.

Алматы әуежайы заманауи хабқа айналады

фото: ашық дереккөз

Салтанатты шараны ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов әуежайдың стратегиялық маңызына тоқталды:

«Бүгінде Алматы халықаралық әуежайы Қазақстанның халықаралық жолаушылар ағынының жартысынан көбін қамтамасыз етіп отыр. Бұл әуежай Еуропа мен Азияны байланыстыратын Еуразия құрлығындағы көлік жүйесінің маңызды бөлігі. Біз Алматы халықаралық әуежайын әлемдік деңгейдегі авиациялық хабқа айналдыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл – өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Әкімшілік жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсететін болады», деді Смағұлов.

Бағдарлама бес кезеңде жүзеге асырылады. Биыл әуежай 12,5 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.

Алматы - Орталық Азиядағы ең үлкен әуежай. Күн сайын 150-ге жуық ұшуға қызмет көрсетеді. 25 жылдан кейін ол жылына 40 млн жолаушыға қызмет көрсете алады деген болжам бар. Бұл уақытта инфрақұрылым едәуір кеңейеді. Әуе кемелеріне арналған 150-ге дейін тұрақ, үш ұшу-қону жолағы, заманауи логистикалық орталық және аэроғарыш аймағы салынады. Бұдан басқа, арнайы экономикалық аймақ пайда болады.

Гокер Косе айтып өткендей, әңгіме әуежайды көлік торабы ретінде дамыту туралы ғана емес, Алматы микрочиптер мен фармацевтикалық тауарлардан бастап авиациялық сервиске дейін жоғары технологиялық өнімдерді экспорттау орталығына айналуы тиіс.

Бірінші кезеңге инвестиция көлемі 362 миллион АҚШ долларына дейінгі шамамен 130 жоба жүзеге асырылады. Ал төрт кезең бойынша жалпы инвестиция көлемі 1,5–1,7 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Атап айтқанда, төрт жыл ішінде ішкі рейстер терминалы, VIP-перрон, әуе кемелеріне арналған тұрақ және бетонды жабыны бар ұшу-қону жолақтарының бірі толық қайта жаңартылады, ұзындығы 4,4 км жаңа рульдеу жолы, әуеайлақ кешені салынады. Сондай-ақ, отын инфрақұрылымын жаңарту, жүк перроны мен техникалық қызмет көрсету ангарын, реагенттерді жинау және қайта өңдеу жүйесі бар қазіргі заманғы мұз қатуға қарсы алаңды құру, әуежай жанынан жаңа қонақ үй мен көп деңгейлі тұрақ салу жоспарлануда.

«Алматы - Орталық Азиядағы ең көп жүк тасымалы әуежайы және осы өңірдегі жүк тасымалы көлемі бойынша көшбасшы, Азиядағы ең көп жүк тасымалы әуежайлары рейтингісінде 52-орында, Еуропа мен ТМД елдерінің арасында 51-орында. 2025 жылы біз 12,5 млн жолаушыға қызмет көрсетеміз, оның жартысы халықаралық. Біз бүгіннің өзінде күн сайын 150 рейс орындаймыз және тұрақты өсімді көріп отырмыз. Horizon - уақыт талабына біздің жауабымыз. Біз жылына 40 млн жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті заманауи, экологиялық және технологиялық инфрақұрылым жасаймыз»,  дейді Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе.

Гөкер Косенің айтуынша, әуежайдағы сауда орындарының басым бөлігі рұқсатсыз жалға алушыларға тиесілі. Оларды құқық қорғау органдарының көмегімен шығару жоспарланып отыр. Олардың орнына заманауи және сапалы мекемелер ашылады. Әуе айлағы маңында заманауи қонақүй де салынбақ.

Сонымен қатар әуежай президенті әуежай маңында тұратын тұрғындардың жайын назарда ұстайтынын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін 100 үйге, ал келесі жылдары тағы 300 үйге ұшақтардың шуынан қорғайтын дыбыс оқшаулағыш жүйе орнатылады.

Бірінші кезеңде 360 млн долларға 130 жоба жүзеге асады. Ішкі терминал толық жаңғыртылады. Ұзындығы 4400 параллельді жол құрылысы салынады, бұл ең ұзақ жол болады. Негізі ұшу-қону жолағы толық бұзылып, бетон негізде салынады. 20 жылда еш күрделі жөндеу жасалмайды. Проблемалық тұрақтар жаңартылады. Жүк перроны мен ірі аңғар, ұшақты өңдейтін алаң салынады. Әуежай қызметкерлерінің ауылы пайда болады. Көпқабатты замануи автотұрақ бой көтереді.

«Ешбір кедергіге тоқтамай, жұмысты жүзеге асырамыз. Әлем бойынша 20 елде жұмыс істегендіктен, тәжірибеміз бар, бұл жұмыстар жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмейді», дейді әуежай президенті.

Ішкі терминал ауқымды жөндеуді талап етеді. Негізі терминал жарылғыш затты анықтайтын құрылғымен жабдықталған.

«Қазіргі кезеңде әуежайдағы нысандардың 90%-і заңсыз жалға алынған. Оларды әуежай аумағынан шығарып, сапалы қызмет ұсынамыз. Жаңа әуежай әсем, әдемі болады. Жаңартылған ішкі терминал келесі жазда қызмет көрсете бастайды. Қазақстан үкіметінен еш қарыз немесе қаржылай қолдау алмаймыз. Әуежайда қазір 4,5 мың адам қызмет етеді. 1800 жаңа орын ашылады. Көптеген қызметкер жақын аудандарда тұрады. Әуежай айналасындағы үйлерді бұзу жұмыстарын жасап жатырмыз, үй иелері қарсы емес. 25 жылдық жоба болғандықтан, жалпы қанша сумма кететінін айту қиын. Жалпылама есебім 1,5 млрд доллар жұмсалуы мүмкін»,  дейді Алматы әуежайының президенті

Ұзақ мерзімді жобаларға салынған инвестцияның қайтарымы тариф арқылы жүргізілетіні әлемдік тәжірибеде бар үрдіс.  Косе жақын арада тарифтердің өсуі күтілетінін растады. Оның айтуынша, қазіргі мөлшерлемелер нарықтағыдан айтарлықтай төмен:

«Тарифтер көтеріледі. Біз осының бәрін Қазақстан үкіметімен келісетін боламыз. Тарифтер қазір өңір бойынша және әлемдік стандарттар бойынша нарықтық шектен төмен, сондықтан біз қазір қаржылық қиындықтарға тап болудамыз» дейді ол.

Өткір мәселелердің ішінде авиациялық отын тапшылығын атап өтті.

Қазір жергілікті отын Air Astana және SCAT авиакомпанияларының ішкі рейстері үшін ғана пайдаланылады. Халықаралық тасымалдаушылар Ресейден жеткізілімдер есебінен қамтамасыз етіледі. Үкіметпен жергілікті жеткізілім көлемін арттыру туралы келіссөздер жүргізілуде.

Жобаның бірінші кезеңі 2028 жылдың аяғында аяқталуы мүмкін.

Қысқасы, Алматының әуежайында ауқымды құрылыс басталады. Үш кезеңнен тұратын бұл жоба әуежайды әлемдік ХАБ-қай айналдырады.

Салтанатты шараның соңында маңызды символдық оқиға орын алды, әуежай аумағында құрылыс жұмыстары ресми түрде басталды.