Заң • Бүгін, 14:26

Базарлардың өртенуі неліктен жиілеп кетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистер төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтан елімізде базарлардың өртенуіне қатысты жағдайлар неліктен жиілеп кеткенін сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Базарлардың өртенуі неліктен жиілеп кетті

Фото: ТЖМ

Биылдың өзінде Астанадағы ірі Шарын және Биг Шанхай базарлары өртенді. Биг Шанхайдағы өрт туралы базар әкімшілігі құтқарушыларға хабарламаған. Баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев 2023 жылы мораторий болғандықтан ірі сауда орындары тексеруден тыс қалғанын айтты. 

«Одан басқа уақытта 2 мың шаршы метр аумақтан астам жерді алып жатқан сауда үйлерін жыл сайын тексеріп келеміз. Осы жылы сондай 63 сауда нысанын тексердік. Өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 941 дерек анықталды. Қазіргі кезде салалық заңға көп өзгерістер енгізілген. Соның біреуі – көп адам жиналатын, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары сақтандыруға жатады. Осындай оң өзгерістер өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады деп олаймын», деді төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев.
 
Вице-министр бүгінде Биг Шанхайдан шыққан өрт себебін анықтау бойынша сараптама жүргізіліп жатқанын және осы айдың соңына дейін қорытындысы дайын болатынын мәлімдеді.