Аймақтар • Бүгін, 14:38

Атырау облысында бір айда жол апатынан 10 адам көз жұмған

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында шілде айында 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 10 адам, оның ішінде 3 жасөспірім мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында бір айда жол апатынан 10 адам көз жұмған

Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Шахметовтің дерегіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы азаймай отыр.

«Шілде айында Атырау облысының аумағындағы облыстық және республикалық, ауыл ішіндегі жолдарда бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, аталған апаттардың салдарынан 10 адам өлімі тіркелді. Оның ішінде жасөспірімдердің өмірін қиған қайғылы оқиғалар да бар», дейді Әділбек Шахметов.

Полицейдің мәліметінше, Құрманғазы ауданында кешкі мезгілде ВАЗ автокөлігі қағып кеткен жасөпірім оқиға орнында қаза тапқан. Ал Құлсары қаласында «ПАЗ-3204» көлігі мен мопед соқтығысқан. Соның салдарынан жасөспірім көз жұмған.

«15 шілдеде күндізгі сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жолдың 814-шақырымы тұсында Toyota және EXEED автокөліктері соқтығысты. Жол апатынан 4 адам мерт болды. Ал 20 шілдеде дәл осы жолдың 496-шақырымы тұсында Toyota автокөлігі түйе малына соқтығысып, жолаушысы қайтыс болды. 30 шілдеде аталған жолдың 624-шақырымында Газ және Toyota Alphard автокөлігі соқтығысуынан жасөспірім оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады Ә.Шахметов.